Skip to main content

Газовая компания незаконно взимала 118,9 млн тенге за бесплатные услуги в Костанае

Submitted by News_editor on

Қостанайда газға қосылған кезде тегін көрсетілуі тиіс қызметтер үшін тұрғындардан заңсыз ақы алған факті анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға айыппұл салынып, азаматтарға заңсыз алынған ақшаны қайтару міндеттелді.

«Қазинформ» ХАА деректеріне сәйкес, Қостанай облысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының қызметіне жоспардан тыс тексеру 2024 жылы жүргізілгенін хабарлады. Негіз болған – облыс прокуратурасының өтініші.

Тексеру газ тарату жүйелеріне алғашқы қосылу, газды іске қосу және есепке алу аспаптарын пломбалау үшін ақы алудың заңдылығына қатысты болды.

«Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес, монополия субъектісі реттелетін қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті және заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қоюға құқығы жоқ. Заңның 24-бабында белгіленген желілерге қосылу кезеңдерінің тізбесі газды іске қосу және есептегіштерді пломбалау үшін ақы төлеу негіздемесін қамтымайды», – делінген хабарламада.

Дегенмен тексеру «QAZAQGAZ AIMAQ» филиалының осы қызметтер үшін ақы алғанын анықтады. 2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейін қосылу бойынша ақылы қызметтерді 11 909 тұтынушы алған. Жалпы сома 118,9 млн теңгені құрады.

Тексеру нәтижелері бойынша компания ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органның қаулысымен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-на 5,9 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар департамент компанияны заңсыз алынған қаражатты тұтынушыларға қайтаруға міндеттеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе филиалы қоршаған ортаны ластағаны үшін 1,2 млрд теңгеге айыппұл салынған болатын.