БҚО прокуратурасы 1248 баланың құқықтарын бұзудың алдын алып, 71 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жойды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Сырым ауданының білім бөлімі ауыл мектептеріндегі 1248 оқушыға бастауыш сыныптарда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 71 720 388 теңге сомасына 9 конкурс жариялаған.
Конкурстық құжаттаманы зерделей келе, прокурорлар білім бөлімі әзірлеген мәзірдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.
Белгілі болғандай, белгілі бір күндері балаларға күнделікті тамақ рационында болуы тиіс сүт, қант және май берілмеген.
Сонымен қатар мәзірге 5 компоненттен тұратын салат енгізілген, бұл «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы денсаулық сақтау министрінің бұйрығы талаптарын бұзу болып табылады.
Сондай-ақ тиісті 200 грамм шырынның орнына бұл сусынның көлемі мәзірде төмендетіліп - 165 грамм көрсетілген. Нәтижесінде Сырым ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстар жойылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы қаңтардан сәуірге дейін Антикор бюджет қаражатын 12,4 млрд теңгеге тиімсіз жұмсаудың алдын алды. Көбінесе жанар-жағармай материалдарының (23%), кеңсе тауарларының (19%), азық-түлік өнімдерінің (6%) және үй-жайларды жалға алудың (6%) құнын асыра көрсету анықталғаны атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции