Степногорск прокуратурасы 84 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізу фактісін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына конкурс өткізуді көздеген.
«Бұзушылықтар жұмыстарды орындау орындарының, бекітілген эскиздің, сондай-ақ баға белгілеуді құжаттық негіздеменің (сметалық құжаттаманың болмауы) көрсетілмеуінен тұрды», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша конкурс күші жойылып, бюджет қаражаты басқа әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалды.
Жіберілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында хабарланғандай, СҚО-да үш ай ішінде 3,3 млрд теңгеге 11 мемлекеттік сатып алу күші жойылды. 17 лауазымды тұлға, оның ішінде мемлекеттік қызметті дискредитациялағаны үшін 6-уы жауапкершілікке тартылды. Оның үшеуі жұмыстан шығарылды.
Сәуір айында белгілі болғандай, Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметденов ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларынан жалпы сомасы 569 млн теңге артық төлемдерді анықтады. Ол ведомствоның мемлекеттік сатып алуларына тексеру жүргізуді талап етті.
Қараша айында Жезқазған прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурсты күшіне жойды. Кейіннен 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции