Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-балабақша-кешені» КММ бюджет заңнамасының сақталуын тексерді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында 15 жыл бойы мекеменің екі бухгалтері өздеріне жоғары жалақы аударып келгені анықталды. Ұрлық сомасы 300 млн теңгеден асқан.
Осы факті бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Шымкентте М.Әуезов атындағы №96 жалпы білім беретін мектептің бас бухгалтеріне үкім шығарылды, ол ай сайын жеке шотына заңсыз бюджет қаражатын аударып отырған. Ол 5,1 млн теңгені иемденіп үлгерген.
Қараша айының ортасында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланды, олар 120 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінген.
Сол уақытта Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында екі балабақшаның бухгалтері Гүлнар Құрманбаева сотталды. Ол 60 млн теңгені ұрлады деп айыпталған.
Кейінірек Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 54 млн теңгеден астам қаражатты иемдену фактілері анықталды. «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшылардың атынан банк құжаттарына қол қойып, ақшаны өз шоттарына аударғаны хабарланды.
Фонд-бюро расследования коррупции