СҚО прокуратурасы өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарында балалар құқықтарының бұзылуын, бюджет қаражатының жымқырылуын, санитарлық нормалар мен өртке қарсы ережелердің сақталмауын анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданында мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды.
Аққайың және Тайынша аудандарының балабақшаларында дәлелді себепсіз нақты келмеген балаларға қызмет көрсету ақысы төленген, нәтижесінде бюджеттен 17 млн теңге негізсіз төленген.
«Облыстың барлық дерлік балабақшаларында өрт және санитарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының жүйелі бұзушылықтары анықталды», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 32 - әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланады. Бюджетке 17 млн теңге өтелді.
«Жыл басынан бері прокуратура органдарымен кәмелетке толмағандар бағыты бойынша 15 мың баланың құқығы қорғалды, әртүрлі жауапкершілік түріне 300-ден астам лауазымды тұлға тартылды», - деп хабарлады прокуратурада.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Астанада балабақша меңгерушілері, ЖШС директоры және балабақша қызметкері 35 млн теңгеден аса қаражатты жымқырған.
Фонд-бюро расследования коррупции