Skip to main content

Прокуратура Абай облысындағы көмірге 160 млн теңгенің негізсіз жұмсалуын тоқтатты

Submitted by Вера Александрова on

Абай облысының прокурорлары бюджеттен 160 млн теңгеден астам негізсіз шығындардың алдын алды.
 
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жылумен жабдықтауға жауапты жергілікті кәсіпорындар мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға көмірді қымбат бағамен сатып алуға тырысқан. 
 
Прокуратура араласқаннан кейін сатып алулар тоқтатылып, кәсіпорын көмір өндірушімен тікелей келісімшарт жасасты.

Үнемделген 160 млн теңгеден астам қаражат кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жұмсалатынына уәде берілді. 
 
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін Антикор бюджет қаражатын 12,4 млрд теңге көлемінде тиімсіз жұмсаудың алдын алған. Көбіне жанар-жағар май материалдарында (23%), кеңсе тауарларында (19%), азық-түлік өнімдерінде (6%) және үй-жай жалдауда (6%) құнның асыра көрсетілгені анықталғаны атап өтілген.