Skip to main content

«Matic Basket» қаржы пирамидасының келтірген залалы 80 миллион теңгеден асты

Submitted by Вера Александрова on

Департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы «Matic Basket» қаржылық пирамидасының қызметін тоқтатты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін YouТube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға сендірген. Салымшыларға криптобиржадағы майнинг пен трейдингтен жоғары дивидендтер уәде етілген. 

Салым көлемі 5000 теңгеден $1100-ге дейін құраған. Бұл ретте пакеттердің төлемін растайтын құжаттар берілмеген, салымшылармен шарттар мен келісімдер жасалмаған. Ұйымдастырушылар жаңа қатысушы үшін әрбір қаржылық операциядан 10% мөлшерінде дивиденд уәде еткен.

Нәтижесінде қаржылық пирамидаға Қазақстан мен ТМД-ның 1900-ден астам азаматы тартылып, олар 80 млн теңгеден астам қаражат салған.

Күдіктіге қатысты қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.