Маңғыстау облысы полиция департаменті 180 сыйлық сағатын сатып алу туралы хабарландыру жариялады. Бюджеттен бұған шамамен 2 млн теңге жұмсау жоспарлануда.
Lada.kz мәліметі бойынша, әзірге өнім беруші табылмаған. Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау бүгін, 24 қыркүйекте аяқталуы тиіс.
Техникалық сипаттамада аксессуардың белдігі бұзау терісінен жасалуы керек, ал сағаттың өзі жұқа алтын қабатымен қапталуы керек екендігі көрсетілген.
«Механизмі – жапон/швейцарлықтан кем емес. Механизм түрі – кварцты. Корпусы PVD gold (алтын) (титан нитриді + 10 микрон алтын) толық жабынымен. Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан. Тепе-теңдік түйінінің соққыға төзімді құрылғысы. Әйнегі – минералды, сызатқа төзімді. Су өткізбейтіндігі – кемінде 5 АТМ», - делінген хабарламада.
Тағы бір тапсырыс берушінің шарты – аксессуарға арналған көркем қораптың болуы. Сағат сыйлық қаптамасында, төлқұжаты мен сертификатымен, сондай-ақ «ІІМ ҚР» логотипі және «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазуы бар лазерлік оюымен болуы керек.
Әрбір сағат үлгісінің құны 11 мың теңгеден аспауы керек екендігі хабарланады. 80 әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал 100 ерлер сағатына 1,1 млн теңге бөлуге дайын.
Облыстық ПД баспасөз қызметі мұндай сағаттарды ведомство озат қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлеріне сыйға тартатынын хабарлады. Ведомство сыйлықтардың суретін тіркеп, оларда ерекше ештеңе жоқ екенін растады.
Фонд-бюро расследования коррупции