Маңғыстау облысы бойынша ҚММ Департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздарды ұстаушы және Африкадағы алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде көрсеткен.
Белгілі болғандай, «Sax Invest» тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ.
«Оның қызметі қаржы пирамидасына тән белгілерге ие болды: нарықтық деңгейден асатын жоғары табыстылықты уәде ететін (жылына 24-36% дейін) БАҚ пен интернетте агрессивті және кең көлемді жарнаманың болуы; ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары және басқа да активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы», - делінген хабарламада.
2018 жылдан 2022 жылға дейін қаржы пирамидасының облыстық филиалының 1000 салымшысы оған 1 млрд теңгеден астам салым салған. Құқық қорғау органдары облыс аумағындағы ұйымның құрылымдық бөлімшесін басқарған күдіктіні ұстап, Уақытша ұстау изоляторына қамады.
Бұған дейін Астанада «Sax Invest» компаниясының директоры ұсталған болатын. Сонымен қатар, «Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С. Мендіғалиев халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, 2018 жылдан 2022 жылға дейін «Sax Invest» қаржы пирамидасының 3 мың салымшысы $18 млн (шамамен 9 млрд теңге) сомасында қаражат салған.
Фонд-бюро расследования коррупции