Skip to main content

Кульгиновтың сыбайлас жемқорлық мұрасы – Талдыкөл кімге тиесілі (6-бөлім)

Submitted by Вера Александрова on

ФБРК редакциясы Кіші Талдыкөл көлдер тобының аумағында орналасқан жекешелендірілген учаскелерге және олардың иелеріне талдау жасауды жалғастыруда. Бұған дейін біз қарастырған болатынбыз, Сығанақ көшесінің солтүстігіндегі, «Мечта» сауда үйінің маңындағы және «Зелёный Квартал» тұрғын үй кешенінің қарсысындағы учаскелер мен туристік квартал салу үшін Роза Багланова көшесінің оңтүстігіндегі кейбір учаскелер кімге тиесілі екенін. Осы бөлімде біз жағалаудағы аумақтардың иелері туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Сығанақ көшесінің оңтүстігінде, «Citylake» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан 21-320-135-4704 учаскесі (аумағы 2,1015 га) көпфункционалды тұрғын үй кешенін (МТҮК) кіріктірілген үй-жайлармен, балабақшамен және автотұрақпен салу үшін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен «КазСтрой PLC» ЖШС-не тиесілі. Компанияның бірінші басшысы - Ерлан Досанов, құрылтайшысы - Серікболсын Қайыргелдин.

2023 жылғы қыркүйекте «КазСтрой PLC» ЖШС тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ҚР заңнамалық актісінің талабын бұзғаны үшін 700 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Атап айтқанда, Серіктестік сайтта толық емес ақпарат орналастыру арқылы объектідегі пәтерлерді сату бойынша жарнаманы жүзеге асырған, ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Sat Group Construction» ЖШС осы ауданда 2021 жылғы маусымнан бастап МТҮК-ті кіріктірілген үй-жайлармен, балабақшамен, емханамен және автотұрақпен салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен 2 учаскеге ие. Бұл жалпы ауданы 2,6879 га болатын 21-320-135-4774 және 21-320-135-4777 учаскелері. Белгілі болғандай, Серіктестіктің құрылтайшысы - Ғабит Сатвалдиев

Сонымен қатар, мырза Сатвалдиев «Астана Констракшн LTD» ЖШС-нің бірінші басшысы және құрылтайшысы болып табылады. Осы Серіктестікке дәл осындай тұрғын үй кешенін салу үшін ұқсас құқықтармен 21-320-135-4920 учаскесі (аумағы 2,1015 га) тиесілі. 

Сығанақ көшесінің оңтүстігінде, «Citylake» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан 21-320-135-5174 учаскесі (аумағы 2,3020 га) 2021 жылғы қыркүйектен бастап МТҮК-ті кіріктірілген үй-жайлармен және автотұрақпен салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-не тиесілі. 

Kompra.kz сервисінің деректеріне сәйкес, аталған Серіктестіктің 1500-ден астам сот талқылаулары, сондай-ақ 2023 жылғы мамырдан бастап мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау жөніндегі аумақтық бөлімнен және 2023 жылғы тамыздан бастап Астана қаласы Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі «Сарыарқа» ауданының аумақтық бөлімінен тіркеу әрекеттеріне екі тыйым салуы бар.

Ұлы Дала даңғылының оңтүстігінде орналасқан 21-320-135-4747 учаскесі (аумағы 4,7921 га) 2021 жылғы наурыздан бастап көппәтерлі тұрғын үй кешенін (МТҮК) балабақшамен және автотұрақпен салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен «Астана Минерал» ЖШС-не тиесілі. Серіктестіктің басшысы - Бахтияр Құрманов, құрылтайшысы – белгілі «BI Development Astana» ЖШС.

2017 жылғы қарашада «Астана Минерал» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұл 90 мың теңгеден астамды құрады. 

Жақын маңда 2021 жылғы тамыздан бастап уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен «North Land» ЖШС-не тиесілі 21-320-135-4580 учаскесі (аумағы 1,3622 га) орналасқан. 

Учаскенің мақсатты пайдаланылуы – кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрағы бар МТҮК салу. Жер пайдалану мерзімі 2026 жылғы наурызда аяқталады. Серіктестіктің басшысы - Алмас Ғалимарданов, құрылтайшысы - Ғалимжан Көпішев.

2022 жылғы қыркүйекте «North Land» ЖШС анықталған бұзушылықтарға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Серіктестік уәкілетті органды хабардар етпей құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастаған. Әкімшілік айыппұл 76 мың теңгеден астамды құрады. 

Сонымен қатар, «North Land» бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы мерзімінде орындамаған, соған байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шамамен 214 мың теңге сомаға айыппұл салынды. 

«К-6» ЖШС 2021 жылғы желтоқсаннан бастап «Тұрмыстық қызмет көрсету үйін» және ойын-сауық орталығын салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен 21-320-135-4707 учаскесіне (аумағы 0,7610 га) ие. Серіктестіктің басшысы - Бахтияр Әбдікәрімов, құрылтайшысы - Сабыр Лепес

«Nomad Stroy Company» ЖШС-не Ұлы Дала даңғылының оңтүстігінде орналасқан бірден 11 учаске (жалпы ауданы 34,1575 га) тиесілі. 

Атап айтқанда, 21-320-135-4768, 21-320-135-4775 және 21-320-135-4769 учаскелері (жалпы ауданы 31,0886 га) 2021 жылғы маусымда Серіктестіктің меншігіне МТҮК салу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілді. 

Қалған 8 учаске «Nomad Stroy Company»-дің иелігіне кейінірек, 2022 жылғы мамырда, осыған ұқсас тұрғын үй кешендерін салу үшін өтті. Бұл 21-320-135-5408, 21-320-135-5412, 21-320-135-5403, 21-320-135-5405, 21-320-135-5402, 21-320-135-5413, 21-320-135-5401 және 21-320-135-5400 учаскелері (жалпы ауданы 3,0689 га). Соңғысының жер пайдалану мерзімі 2027 жылғы ақпанда аяқталады.

Жалғасы бар...