Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет және «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қауіпсіздік қызметі бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған «КАЖСервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығы ұсталған.
«Тексеру материалдары Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді. Тексеру нәтижелері бойынша 2024 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, сәуір айында «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Мұратылы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Содан кейін оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Кейінірек Мұратылы мен компанияның бас мердігері күдікке ілінгені белгілі болды, олар «Жақсы – Есіл – Бұзулық» автомобиль жолын жөндеуге, оның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпір салуға бөлінген мемлекеттік қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді.
Осыдан сәл бұрын Павлодарда «КазАвтоЖол» филиалының директоры мен бас маманы пара алу фактісі бойынша сотталды. Сот компания директорына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, бас маман 7 жыл алды.
Фонд-бюро расследования коррупции