Үкіметтегі брифингте «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев компанияның сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралары туралы айтты.
«Қазинформ» ХАА деректері бойынша, Иманашев ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүмкін болатын үш негізгі саланы анықтағанын хабарлады: мердігер компанияны айқындау, жобаларды іске асыру және аяқталған нысандарды қабылдау.
Белгілі болғандай, өткен жылдан бастап тәртіптік жауапкершілікке 48 техникалық қадағалау сарапшысы тартылды. Оларға айыппұлдар салынды, учаскелерден шеттетілді, ал олардың бір бөлігі бойынша материалдар тиісті органдарға берілді.
Мердігер компанияларға оларды «қара тізімге» енгізу мақсатында 85 талап арыз берілді. Сонымен қатар, кәсіпорынның 124 қызметкері әртүрлі тәртіптік ықпал ету шараларына ұшырады. Шамамен 10 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде бес қызметкер теріс себептер бойынша.
Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында Павлодарда «КазАвтоЖол» филиалының директоры мен бас маманы сотталды. Олар мердігер ұйымнан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции