Ақтөбе облыстық соты Хромтау әкімі Сағындық Шәбікбаевты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Cmn.kz мәліметінше, соңғы екі жылда қаланы басқарған 40 жастағы шенеунік пара алудан күдікке ілінген.
Бұлтартпау шарасы туралы ақпаратты сот баспасөз қызметі растады. Онда қамауға алу сотқа дейінгі тергеу кезеңіне тағайындалғаны, ал іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілді.
Сағындық Шәбікбаев еңбек жолын Әйтекеби аудандық филиалы «Ақтөбе облысының ХҚО» РМК-дан бастаған. Кейін ол Әйтекеби ауданы әкімі аппаратында және Хромтау ауданы әкімі аппаратында жұмыс істеген.
2018 жылдың тамызынан бастап Хромтау әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Шәбікбаев екі жыл бұрын Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен қала әкімі болып сайланған.
Фонд-бюро расследования коррупции