Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары Максут Исахов пара беруге оқталғаны үшін сотталды.
Шымкент соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ҰҚКД бастығының бірінші орынбасарына $200 мың көлемінде пара бермек болған.

«Сот И.-ны ерекше ірі мөлшерде пара беруге оқталуда кінәлі деп танып, ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігі және 56-бабы 3-бөлігін қолдана отырып, оған 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚР Президентіне Исаховты мемлекеттік наградадан – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Еске сала кетейік, бұрынғы әкім орынбасарының ұсталғаны былтырғы шілдеде белгілі болған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции