Skip to main content

«Казводхоз» филиалдарында 20 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Казводхоз» филиалдарында суды заңсыз пайдалану, су ресурстарын тиімсіз пайдалану және мемлекеттік сатып алуларға байланысты бұзушылықтарды анықтады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы Күрті ауданындағы шаруа қожалықтары жергілікті «Казводхоз» филиалымен келісімшарт жасаспай, суару суын пайдаланған. Су 100 га егістік алқаптарын суаруға жұмсалған.

«Сондай-ақ кейбір гидротехникалық құрылыстардың тиісті күйде болмауына байланысты каналда судың қосымша жоғалтулары анықталды. Осылайша, филиал басшылығының нысандардың техникалық жай-күйін бақылауының жеткіліксіздігі салдарынан су ресурстарын тиімсіз пайдалану және суды есепке алу орын алып отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтады.

«Филиал заңнаманы және ішкі нормативтік құжаттарды бұза отырып, бір көзден 7 мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан. Бұған дейін, 2023 жылғы шілдеде, сол сияқты тәсілмен Сол жағалау магистральдық каналының жер учаскесін механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсетуге жалпы сомасы 17,5 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Яғни, бұзушылықтар жүйелі түрде жасалуда», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған барлық бұзушылықтардың жалпы сомасы шамамен 20 млн теңгені құрады.

«Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. Үш құқық бұзушылық бойынша филиал директорының м.а. әкімшілік айыппұлдар салынды. Сондай-ақ ескерту ретінде директордың м.а. бұған дейін бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі аудит қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша «Казводхоз» РМК филиалының директоры және Асы өндірістік учаскесінің басшысы қызметтерінен босатылды

Шілдеде Жамбыл облысындағы филиал директоры және Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Одан сәл бұрын өңірде жүргізілген аудит су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісін, сондай-ақ аграрийлермен суару суын беруге жасалған келісімшарттардағы бұзушылықтарды анықтаған болатын.