Skip to main content

«Казхром» зауытының үш қызметкері Павлодар облысында күйік алды

Submitted by Вера Александрова on

Павлодар облысында «ТНК «Казхром» АҚ (Eurasian Resources Group) филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауытының үш қызметкері жұмыс жүргізу кезінде термиялық күйік алды.

Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер қалалық орталық ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі реанимацияда, екіншісі стационарлық емдеуде, үшіншісі амбулаториялық ем алуда.

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіп жатқаны хабарланады.

Еске салайық, мамыр айында Ақтөбе облысындағы сол холдингтің филиалы — Дон тау-кен байыту комбинатының (ТКБК) «Болашақ» шахтасының өндіру блогында әуе ортасының қысқа мерзімді жануы орын алды. Үш қызметкер зардап шекті, екеуі ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды.

Мамырдағы апаттан кейін зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер жарияланбады. Алайда тамыз айының басында «ТНК Казхром» баспасөз қызметі «Болашақ» шахтасында жұмыстардың қайта жандандырылғанын хабарлады.