Хромтаудағы Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының (ТКБК) «Болашақ» шахтасында бурғылау жұмыстары кезінде оқиға болып, салдарынан төрт кенші зардап шекті.
Дон ТКБК баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтадағы өндіру жұмыстары жағдай анықталғанға және оқиғаның себептері жойылғанға дейін тоқтатылды.
«Ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы орын алды. Оқиға салдарынан төрт жұмысшы әртүрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Tengrinews.kz Ақтөбе облысы полиция департаментіне сілтеме жасап, құқық қорғау органдары тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Дон тау-кен байыту комбинатының – «ТНК Қазхром» АҚ филиалы «Молодежная» шахтасының «Мирный» карьерінде екі жұмысшы қаза тапты.
Фонд-бюро расследования коррупции