Skip to main content

«Болашак» кенішіндегі зардап шеккен кеншілердің бірі Хромтауда қайтыс болды

Submitted by Вера Александрова on

Зардап шеккен жұмысшы Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дон тау-кен байыту комбинатының (ТКБК) «Болашақ» шахтасы ауруханада қайтыс болды.

«Қазинформ» ХАА мәліметінше, дәрігерлер оған полиоргандық жеткіліксіздік диагнозын қойған. Науқас санитарлық тікұшақпен шұғыл түрде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген, алайда оны құтқару мүмкін болмады. Барлығы үш жұмысшы медициналық көмекке жүгінген. Оның екеуі өздерін жақсы сезініп, үйлеріне жіберілген. 

Ақтөбе облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Жандос Әлімов оқиғаның негізгі себебін анықтауға бір айға жуық уақыт кететінін атап өтті. 

Өз кезегінде «Қазхром» АҚ баспасөз қызметі қайтыс болған қызметкердің отбасына толық қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету, оның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін қайтыс болған адамның туыстары қызметкердің 10 жылдық орташа жалақысы мөлшерінде төлем, сондай-ақ жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға ақшалай көмек алады. Сонымен қатар, компания балалардың оқу ақысын төлеуді өз мойнына алады және қажет болған жағдайда отбасының бір мүшесін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, отбасы ҚР заңнамасына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң бойынша төлемдер алатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ақпан айында Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы орын алған, соның салдарынан төрт жұмысшы күйік шалған. Құқық қорғау органдары тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.