«Болашак» кенішінің өндіру блогында Дон тау-кен байыту комбинаты (ТКБК) - Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «ТНК Қазхром» АҚ филиалында ауа ортасының қысқа мерзімді жануы орын алды. Үш қызметкер зардап шекті, олардың екеуі ауыр жағдайда реанимацияда жатыр.
«Қазақпарат» ХАА мәліметі бойынша, нысанда кезекші электр слесарлары жабдықты монтаждау кезінде сутегінің бөлінуі орын алып, бұл жануға себеп болды.
«Қызметкерлердің беті мен қолдары күйік шалды. Зардап шеккендер жедел түрде Хромтау қаласындағы ОАЕХ-ға жеткізіліп, оларға барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілуде. Кәсіпорын басшылығы дәрігерлер мен туыстарымен үнемі байланыста», — деп хабарлады компанияда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында екі пациенттің ауыр жағдайда реанимацияда, үшіншісінің орташа ауырлық дәрежесінде травматология бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
Барлық пациенттердің қажетті емнің толық көлемін алып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені атап өтіледі.
Еске салайық, ақпан айында Хромтау ауданындағы «Болашак» кенішінде ауа ортасының қысқа мерзімді жануы орын алған болатын. Сонда төрт жұмысшы күйік шалды. Кейін олардың бірі ауруханада қайтыс болды.
Фонд-бюро расследования коррупции