Skip to main content

Қазақстанның латифундистері. 5-тарау: Қарағанды (2-бөлім)

Submitted by Вера Александрова on

ФБРК редакциясы Қарағанды облысының латифундистерін талдауды жалғастыруда.



«БІРЛЕСТІК 2016» ӨК

«Бірлестік 2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (басқа ІҚМ мен буйволдарды өсіру) 2016 жылы тіркелген. Бірінші басшысы және құрылтайшыларының бірі Хайролла Акимов, құрылтайшылар: Ардақ Акимова және Асхат Акимов.

Хайролла Акимов «Шеткөмек» несие серіктестігі» ЖШС қатысушысы да болып табылады. Асхат Акимов «Merei LTD 2020» ЖШС-де көрінеді. Ардақ Акимова «Акимова А.К» ЖК иелік етеді.

«Бірлестік 2016» ӨК салық міндеттемелері бойынша орташа тәуекел дәрежесіне ие. 2023 жылға компания 240,7 мың теңге салық төледі (2022 жылы – 375 мың теңге, 2021 жылы – 234 мың теңге, 2020 жылы – 262 мың теңге).
 

ДӘУРЕН ҚОЖАМБЕРДИН

Қарағанды облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша, тағы бір жер пайдаланушы белгілі бір Дәурен Қожамбердин, ол «Бақытбек» Шаруа қожалығына (ескі атауы «Қызылтау») иелік етеді.

Kompra.kz деректері бойынша, Дәурен Қожамбердинге екі ұйым тіркелген: «Бақытбек» Ш/Қ және «Бақытбек» Шаруа қожалығы. Екі қожалық та ІҚМ және буйволдарды өсірумен айналысады және салық міндеттемелері бойынша орташа тәуекел дәрежесіне ие.

«АЙТАС-2002» ЖШС

«Айтас-2002» ЖШС (қой мен ешкі өсіру) 2002 жылы тіркелген. Бірінші басшысы және құрылтайшысы Әсел Сағынбекова.

ЖШС салық міндеттемелері бойынша орташа тәуекел дәрежесіне ие. 2023 жылға компания бар болғаны 69 мың теңге салық төледі (2022 жылы – 72 мың теңге, 2021 жылы – 54 мың теңге, 2020 жылы – 61 мың теңге).

Сонымен қатар, Сағынбекованың өзі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Алма-Ата іскер үйі» ЖШС және «Шинхан Финанс» шағын несие ұйымы» ЖШС алдында шамамен 156,4 млн теңге сомасында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылады.

МҰХАНАЛИЕВ Б.К.

Жер қатынастары басқармасының деректері бойынша тағы бір ірі жер пайдаланушы белгілі бір «Мұханалиев Б.К. ШҚ» болып табылады.

Қарағанды облысында ұқсас атаулары бар екі фермерлік шаруашылық бар: Боранбай Мұханалиевке тиесілі «Мұханалиев Б К» фермерлік шаруашылығы және Бейімбет Мұханалиевке тиесілі «Мұханалиев Бейімбет Қасымбекұлы» фермерлік шаруашылығы.

Өкінішке орай, Баспсарма екі ағайындының қайсысын меңзегенін нақтыламады, осыған байланысты олардың қайсысы аймақтағы 23,4 мың га жерге ие екенін айту қиын. Екі шаруашылық та жылқы өсірумен айналысады. Сонымен қатар, Бейімбет Мұханалиевтің фермерлік шаруашылығы салық міндеттемелері бойынша төмен, ал Боранбай Мұханалиевтің шаруашылығы – орташа тәуекел дәрежесіне ие.

АСҚАР ЖҰМАҒҰЛОВ

Сондай-ақ, Жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша, тағы бір жер пайдаланушы белгілі бір Асқар Жұмағұлов болып табылады. Ашық дереккөздерге сәйкес, Қарағанды облысы Жезқазған қаласында Жұмағұлов Асқар Тілеуханұлы деген кәсіпкер болған.

Алайда, бүгінгі күні Жезқазған Ұлытау облысының аумағына жатады. Ресми деректер бойынша Жұмағұлов А.Т. Ұлытау облысында ЖК ие және елордалық ЖШС-нің иесі болып табылады.

Ең алдымен, органдар жер пайдаланушылар туралы ескірген деректерге ие болуы мүмкін. Айта кету керек, ведомстволар бізге жер пайдаланушылар туралы, атап айтқанда, компания атаулары бойынша дұрыс емес деректерді бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Бұл өз кезегінде ақпарат іздеуді қиындатады.

Естеріңізге сала кетейік, ФБРК редакциясы Қазақстанның ірі жер пайдаланушыларының динамикасын талдап, соңғы уақытта олардан қанша ауыл шаруашылығы жері алынғанын анықтауда.

Павлодар облысының, Қостанай облысының, Ақмола облысының, Солтүстік Қазақстан облысының және Қарағанды облысының аумақтарымен таныса отырып, латифундистердің аудандарында ғаламдық өзгерістер болмағаны, ал кейбіреулері тіпті қосымша гектарларға ие болғаны анық.

Жалғасы бар …