Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстаннан шамамен $15 млрд сомасына криптоактивтер шығарылғанын хабарлады.
Tengrinews.kz деректері бойынша, ол операциялардың бір бөлігі «сұр» немесе бақыланбайтын аймақ арқылы өтуі мүмкін екенін атап өтті.
Ұлттық банк өкілі атап өткендей, қазір елде цифрлық нарықты заңнамалық реттеудің жаңа тәсілдері қалыптасуда. Негізгі назар қаражатты заңсыз шығарудың жолын кесуге және транзакциялардың ашықтығын орнатуға аударылады деп жоспарлануда.
«Қазір біз тәсілдер әзірленіп, олар жұмыс істеп жатқаны туралы айтып отырмыз. Екінші бөлігі - бұл қаражатты заңсыз шығаруға тырысатын адамдарды қылмыстық және әкімшілік қудалау», - деді Шолпанқұлов.
Ол болашақта Қазақстан криптовалюталық операцияларды бақылаудың халықаралық жүйелеріне қатысушы болуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл цифрлық активтердің қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Журналистердің бұрын шығарылған қаражаттың жолын қазірдің өзінде қадағалау мүмкін бе деген сұрағына Шолпанқұлов былай деп жауап берді:
«Қазір жоқ. Бірақ біз жүйеге қатысушы болған кезде, көріп, сізге хабарлаймыз. Мүмкін, біз не тапқанымызды, кімнің заңсыз кеңістікте қайда қандай қаражатты сақтайтынын айтатын жеке брифинг өткіземіз. Технологиялық мүмкіндік бар, тек уақыт қажет».
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Алматыда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидаларынан 1,9 млрд теңге сомасына криптоактивтер тәркіленген болатын (https://t.me/fund_anticorr/8446).
Фонд-бюро расследования коррупции