Қазақстан делегациясы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Ханойда (Вьетнам) өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты.
Polisia.kz хабарлағандай, Қазақстан жобаны әзірлеуге белсене қатысты: ІІМ өкілдері киберқылмыстарды тергеу кезінде елдер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құруға бағытталған ұсыныстар енгізді.
БҰҰ мәліметі бойынша, құжат киберқылмыстардың алдын алу мен тергеуге, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әлемдегі алғашқы халықаралық конвенция болды.
Конвенцияға қол қою 25 қазанда ашылды — алғашқы күні-ақ оған 65 мемлекет қосылды.
Конвенцияға қосылу Қазақстанға мыналарға мүмкіндік береді:
басқа елдермен электрондық дәлелдемелермен жедел алмасу;
трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімдірек өзара іс-қимыл жасау;
азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі басқа да қауіптерден сенімдірек қорғау.
Белгілі болғандай, Конвенция БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2024 жылғы желтоқсанда қабылданды. Ол кемінде 40 қатысушы мемлекет ратификациялағаннан кейін 90 күн өткен соң күшіне енеді.
Фонд-бюро расследования коррупции