Skip to main content

Қарағанды облысында «Takorp» қаржы пирамидасы 100-ден астам адамды алдады

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер азаматтардың ақшасын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Қатысушыларға 100% кірістілік кепілдігімен $30 (16 132 теңге) бастап $50 мыңға (26,8 млн теңге) дейін салым салу ұсынылған.

Пирамида алты бонустық деңгейден — VIP-1 бастап VIP-6 дейін — матрицалық жүйе бойынша құрылған интернет-платформа арқылы жұмыс істеген.

Төлемдер USDT криптовалютасында жүзеге асырылып, салым сомасы мен рефералдық сілтемелер бойынша тартылған қатысушылар санына байланысты болған.

Заңды қызмет пен оң имидж қалыптастыру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.

Нәтижесінде пирамидаға 117 қатысушы тартылған. Сот санкциясымен $32 мың (17,2 млн теңге) сомасындағы криптовалютаға тыйым салынды.

Екі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кетпеу туралы қолхат және тиісті мінез-құлық таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.