Skip to main content

«Boxy Wealth» қаржы пирамидасының салымшылары 230 млн теңге жоғалтты

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері «Boxy Wealth» қаржылық пирамидасының әрекетін тоқтатты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, азаматтарға жарнамалық материалдарды қарау деген желеумен тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін кіріс ұсынған. Айлық кіріс шамамен 150%, ал жылдық кіріс 1800%-дан астам болуы мүмкін деп көрсетілген.

Сонымен қатар, рефералдық жүйе жұмыс істеген: жаңа қатысушыларды тартқаны үшін олардың салымдарының 10% уәде етілген. Ақшаны жалған адамдарға ресімделген банк карталарына қабылдап, кейін криптовалюталық әмияндарға аударған.

Зардап шеккендер ретінде 180-нен астам адам танылды, шығын 230 млн теңгені құрады. Схеманың ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды, тергеу жалғасуда.