Skip to main content

ИФК кәсіпорындарын қалай банкротқа ұшыратты: Семей тері-жүн комбинатының тарихы

Submitted by Вера Александрова on

«Қазақстан инвестициялық қоры» (ҚИҚ) және «Қазақстан Даму Банкі» (ҚДБ) «Семей тері-жүн комбинатына» (СТЖК) өмір сүруге мүмкіндік қалдырмады. Орта Азиядағы ең ірі және Қазақстанда бірегей деп танылған кәсіпорын банкрот болды. Оған себеп – «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдары жасаған жағдайлар.

Бастапқыда комбинатқа тиімсіз несие беріп, ҚДБ қаржыландыруды кейінге шегеріп, СТЖК қызметіне барлық жағынан кедергі келтірді. Ал жылдар өткен соң кәсіпорын мүлкінің құнын $51,3 млн -нан $5 млн-ға дейін төмендетіп, банкрот деп таныды.

Бұған дейін Инвестқорға қарасты банкрот болған кәсіпорындардың бұрынғы иелері Президентке хат жолдап, инвестициялық активтерді қайтаруды сұрағанын жазған болатынбыз. Авторлар өндіріс қызметін қайта бастай алатындарына сендіріп, бұл үшін «арнайы дағдарысқа қарсы комиссия» құруды өтінеді.

«Семей тері-жүн комбинаты» ЖШС (СТЖК) 1998 жылы құрылған. Кәсіпорын меншігіне тері зауыты, ешкі-тон фабрикасы, аяқ киім фабрикасы және тазарту құрылыстары кірген.



2005 жылғы тамызда үкіметтің «Семей тері-жүн комбинатын» дамыту туралы қаулысы шықты, оған сәйкес «Қазақстан Даму Банкі» комбинатқа инвестициялық жобаға жеңілдетілген несие беруге міндетті болды.

2008 жылы ҚДБ 3,2% тиімді пайыздық мөлшерлемемен инвестициялық несиенің орнына СТЖК-ге доллармен жылдық 14% -бен коммерциялық несие берді. Комиссиямен бірге қарыз сомасы $25 млн құрады, қарыз мерзімі – 12 жыл.

Кепіл ретінде СТЖК бас директоры Жұмағазы Рахымғалиев комбинаттың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін $33,4 млн сомасына кепілге салуға мәжбүр болды және ақшаны резервтеу үшін $250 мың төледі. Кейін анықталғандай, іс жүзінде қаражат резерві жасалмаған.

«Қазақстан Даму Банкі» мәміле талаптарын жасалған сәттен бастап бұза бастады. Келісімшарт бойынша банктің комбинат алдында ешқандай міндеттемесі болмады, ал соңғысына қойылатын талаптар өте асыра көтерілген еді.

Сонымен қатар, ҚДБ жобаны қаржыландыруды ешқандай түсініктемесіз кешіктірді. «Семей тері-жүн комбинаты» тендерлерде жеңіп шықты, бірақ банк тарапынан қаржыландыру болмағандықтан оларды жүзеге асыра алмады.

СТЖК-да нақты проблемалар 2010 жылы, ҚДБ комбинаттың жарғылық капиталынан 51% үлес талап етіп, одан бас тартқан кезде басталды. Содан кейін банк қаржыландыруды тоқтатып, бұл Рахымғалиевтің бұрын кепілге салынған активтері жеткіліксіз деп түсіндірді.

«Семей тері-жүн комбинаты» ЖШС-нің құрылтайшылары Жұмағазы Рахымғалиев (80% үлес) және оның жұбайы (20%) болған. Жұбайы жеке кепілдік беруден бас тартты, сондықтан Рахымғалиев оның компаниядағы үлесін өз атына аударды. Ал кейін «Қазақстан Даму Банкі» оны комбинаттың жарғылық капиталының 100% акциясын 1 теңгеге кепілге салуға мәжбүр етті.

Кейінірек, қаржыландыруды қайта бастауға уәде бере отырып, ҚДБ комбинаттың басқа да активтерін кепілге салуды талап етті, бірақ уәдесін орындамады. Сонымен бірге банк өндіріс жұмысын жалғастыруды талап ете берді. Тіпті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі айналым қаражатын жинап, Рахымғалиев комбинат жұмысын жалғастыру үшін жеке ақшасын салды.



2013 жылы ҚДБ комбинатты «Қазақстан инвестициялық қорына» берді. СТЖК өз бетінше инвесторлар іздей бастады. Бірақ ынтымақтасуға ниет білдірушілермен келісу мүмкін болмады, себебі кредиторлар қолайсыз талаптар қойды. Ал осы уақыт аралығында бірегей кәсіпорынға ҚДБ да, ҚИҚ та бірде-бір инвесторды тарта алмады.



2019 жылы «Семей тері-жүн комбинаты» банкрот деп танылды. ҚДБ-нің жеткіліксіз қаржыландыру сомасы 1,4 млрд теңгеге жетті. СТЖК-нің қарызы 106 млн теңгені құрады, комбинат мүлкінің құны сол кезде 15 млрд -тан астам еді.



Банкроттық процесінде бірқатар бұзушылықтарға жол берілді, банкроттық туралы ерікті өтініш ескерусіз қалдырылды, ал СТЖК мүлкі құнсыздандырылды. Түрлі инстанцияларға жолданған шағымдар еш нәтиже бермеді. Депутаттардың, министрлердің, Семей қаласы әкімінің хаттары жауапсыз қалды.



Осылайша 10 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ете алатын, салық ретінде миллиондаған теңге төлеуге дайын бірегей, перспективалы кәсіпорын күйреді. ҚДБ мен ҚИҚ кәсіпорындардың дамуына ықпал етпей, таза коллекторлық қызметпен айналысатын сияқты, олардың міндеті - банкрот деп тану. Кім және кімнің мүддесі үшін әрекет етеді?