Skip to main content

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шығарылды

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісіне Мәди Батыршаевқа үкім шығарылды. Алматы соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, олар адамды заңсыз бостандығынан айыру, қорқытып алу және өз билігін асыра пайдалану бойынша айыпталған. 

Тергеу анықтағандай, 2011 жылы Сатыбалды АҚ – жалғыз акционеріне, яғни Абай Жүнісов атты жәбірленушіге бірлескен бизнес жүргізу туралы ұсыныс жасаған. Айта кету керек, ол Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы.

«Келісім бойынша АҚ-дағы қатысу үлестері бөлініп, ол 34% акцияның ресми емес иесі атанды. 2019 жылы түскен ақпаратқа байланысты сотталушы Ж.-ны 5 млрд теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын жымқыруда айыптады. Содан кейін жеке көмекшісі Б.-мен алдын ала сөз байласып, жәбірленушіге күзетшілер тағайындап, байланыс құралдарын тартып алып, оны өз үйінде толық әлеуметтік оқшаулау жағдайында 165 күн бойы заңсыз ұстады. Нәтижесінде соңғысының психикалық жағдайына ауыр зиян келтірілді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, заңсыз бас бостандығынан айыру кезеңінде Гүлмира Сатыбалды қорқытып алу арқылы жәбірленуші мен оның жақындарының ақшасы мен мүлкін иеленген. Нәтижесінде жәбірленушіге 217,9 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.

«Сонымен қатар, С. өз билігін асыра пайдаланып, өзінің болжамды құқығын жүзеге асыра отырып, жәбірленушіні мүлікке және жарғылық үлестерге құқықтарды өзімен байланысты үшінші тұлғаларға қайта ресімдеуге мәжбүрлеп, 1,2 млрд теңге көлемінде ерекше ірі материалдық зиян келтірген», - деп хабарлады сотта.

Сот Гүлмира Сатыбалдыны кінәлі деп танып, оны мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сонымен қатар сот Сатыбалдыдан жәбірленушінің пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығын және 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндірді. Батыршаевтан - 2 млн теңге

Жәбірленушілер Алтай Жүнісов пен Қасым Жүнісовтің азаматтық талабы бойынша сотталушыдан сәйкесінше 233 млн және 109 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. 

Еске сала кетейік, заңсыз бас бостандығынан айыру, қорқытып алу және өз билігін асыра пайдалану туралы айыптаулар туралы былтыр Гүлмира Сатыбалдыға үкім жарияланар алдында сотта белгілі болған еді. Сонда ол бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру үшін 8 жыл бас бостандығынан айыруға кесілген болатын.