Алматы қаласы Алмалы аудандық соты метрополитен құрылысы кезінде 5 млрд теңгеден астам қаражатты иемденген 10 айыпталуанға үкім шығарды.
Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушылар "Метрополитен" МКК, "Алматыметрокурылыс" АҚ, "Автоматизация и Технологии Сервис" ЖШС басшылары бола отырып, 2018 жылғы маусымнан 2020 жылғы тамызға дейін жалған фирмалар арқылы ірі ақша сомаларын шығарған.
Нәтижесінде сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеуге тыйым салына отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алғаны хабарланды.
Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам тұтқындалған мүлікті тәркілеуге үкім шығарып, мемлекетке келтірілген залалды өндірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство алматы метрополитенінің құрылысы кезінде 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын иемдену және жалған шот-фактураларды жазып беру фактілері бойынша "Метрополитен" МКК, "Алматыметрокурылыс" АҚ басшыларына және басқа да тұлғаларға қатысты тергеудің аяқталғаны туралы хабарлаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции