Skip to main content

ФБРК негізін қалаушы үкіметтің Telegram-арнасына полицияға арыз берді

Submitted by News_editor on

Аграрлық сарапшы және ФБРК негізін қалаушы Кирилл Павлов үкіметтің ресми Telegram-арнасы — Ukimet әкімшісіне қарсы полицияға өтініш берді. Себебі — елдің сүт өнімдерімен қамтамасыз етілуі туралы жалған мәліметтер тарату.

Астана қалалық полиция департаментінің Есіл ауданы полиция басқармасына жіберілген өтініште Павлов арна әкімшісінің жеке басын анықтауды және оны ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрайды.

«2025 жылғы 23 қыркүйекте көрсетілген Telegram-арнада жалған ақпараты бар жарияланымды орналастырып, таратқан Ukimet Telegram-арнасының әкімшісінің жеке басын анықтап, оны ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы аясында әкімшілік жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын», — делінген Павловтың өтінішінде.

Ол 23 қыркүйекте Ukimet арнасында жарияланым жарық көргенін атап өтті: «Қазақстан өзін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етеді — Казахстан полностью обеспечивает себя основными видами продтоваров».

«Мал шаруашылығында ет (сиыр еті, қой еті, жылқы еті), сүт өнімдері және жұмыртқа бойынша 100% қамтамасыз етілуге қол жеткізілді», — делінген жарияланым мәтінінде.

Павлов бұл мәлімдемені жалған деп санайды, Қазақстанның өзін сүт өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз етпейтінін көрсетеді.

Растау ретінде сарапшы бейнеролик келтірді, онда АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Шаймерден Ахметов елдің сүт өнімдерімен 100 пайыз қамтамасыз етілуі туралы мәлімдемені жария түрде жоққа шығарады. Бейнеролик журналистер мен ресми өкілдердің қатысуымен өткен жария іс-шарада жазылған.

Еске салайық, бұған дейін Астана қалалық полиция департаменті Кирилл Павловтың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан еді. Сарапшы ведомство басшысын Қазақстанның сүт өнімдерімен жүз пайыз өзін-өзі қамтамасыз етуі туралы жалған ақпарат таратты деп айыптаған болатын.

Сонымен қатар, Павлов полицияға 2024 жылы сүт және сүт өнімдерінің импорты $410,7 млн сомасын құрағанын көрсететін ресми статистика деректерін ұсынған. Осы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан 183 мың тонна сүт өнімін импорттаған. Ірімшік және сүзбе нарығындағы импорт үлесі 48%, ал сары май және сүт-май өнімдері бойынша — 15% құрайды.