Skip to main content

Астанада жаңа пәтерлер азайды

Submitted by Вера Александрова on

Астанада мамыр айының қорытындысы бойынша 1,8 мың пәтер пайдалануға берілді. 

«DATA HUB» Telegram-арнасының мәліметінше, елордадағы пәтерлерді пайдалануға берудің айлық көрсеткіші 55%-ға (2,2 мың бірл.), жылдық көрсеткіш 40%-ға (1,2 мың бірл.) төмендеген. Нәтижесінде бір жарым жылдағы ең төменгі деңгейге жеткені хабарланады. 

Сондай-ақ, елорданың жалпы пайдалануға берудегі үлесінің ағымдағы деңгейі 25%-ды құрайтыны белгілі болды. Одан бір ай бұрын 49%, ал бір жыл бұрын 46% болған.

«Дегенмен, бәрі де соншалықты жаман емес. 2024 жылдың алғашқы төрт айында елордада пәтерлерді пайдалануға беру қарқынды жүрді (айына орта есеппен 3,8 мың бірл.). Осының арқасында қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жылдық өсім 19%-ға (2,7 мың бірл.) дейін артып, 17 мың бірл. құрады» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өткен айда Алматыда 2,6 мың пәтер пайдалануға берілгені хабарланады - бұл сәуір айындағыдай көрсеткіш.

«Ал 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда өсім бірден 6 есеге артқан, бұл төмен базамен байланысты. Оңтүстік мегаполистің жалпы пайдалануға беру көлеміндегі үлесі - 37%», - деп хабарлады сарапшылар.