«Алматыгаз» абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС үстемдік жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 83 млн теңге айыппұл салынды.
Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Серіктестік газ жабдықтары мен газ тұтыну жүйелеріне жыл сайынғы техникалық қызмет көрсетуді жүргізбеген.
«Тексеру нәтижелері бойынша ЖШС-ге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабы 3-1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, қарау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ЖШС-ді 83,8 млн теңге сомасында айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сот қаулысы заңды күшіне енгені, айыппұл мемлекет кірісіне төленгені хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции