Алматы көлік прокуратурасы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупінің алдын алды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурорлар автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларының құрылысына жер учаскесін беру кезіндегі бұзушылықтарды анықтады.
«Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, тектоникалық жарылым аймағында орналасқан, астынан кәріз құбырлары өтетін бөлінбейтін жер учаскесін мегаполис автобус паркіне газ құюға берген. Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына қауіп пен қатер тудырды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер учаскесін Алматы әкімдігінің балансына қайтару бойынша шаралар қабылданып жатқаны хабарланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ФБРК редакциясы Алматының сейсмикалық картасына талдау жасап, тектоникалық жарылым бойында орналасқан тұрғын үй кешендерін тізімдеген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции