24 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында пилоттық режимде карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізудің ақылы негіздегі жаңа тәртібі енгізілді. Шешім Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, Беларусь және Ресей тәжірибесін ескере отырып қабылданды.
Хабарланғандай, жаңа механизмнің жұмыс істеуі үшін бақылау пункттері анықталды, олар арқылы карантиндік өнімдер аймақтар аумағына келіп түседі. Экспортталатын өнімдерге зертханалық сараптама елдің барлық облыстарында жүргізіледі.
«Тәртіпті енгізу алдында сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Аумақтық бөлімшелер мен зертханалардың мамандары қажетті оқудан өтті. Инспекция басшыларына сараптамалардың сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды», — делінген хабарламада.
Жаңа тәртіп фитосанитариялық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Қызмет көрсетуден түскен қаражат саланы дамытуға: зертханалық жабдықтарды жаңартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға жұмсалмақ.
Еске сала кетейік, бұрын Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған болатын, ел бойынша ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар бірқатар лауазымды тұлғалар мен мамандарға қатысты тәртіптік шараларға әкеп соқты.
Фонд-бюро расследования коррупции