Ақтөбе облысы бойынша ҚММ департаменті қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, оның қатысушылары заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында күдіктілер ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «bingo37 pro» платформасы арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізген.
«Қатысушылардың ақшалай ставкаларын операторлар банктік аударым арқылы қабылдап, содан кейін оларды платформаға тіркеп, ойындарға қол жеткізу үшін логин, пароль және сілтеме берген», - делінген хабарламада.
Қылмыстық жолмен табылған кірістерді жылыстату үшін күдіктілер жалған адамдарды тартқаны атап өтіледі. Олардың атына банк карталарын ресімдеп, содан кейін ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдырған.
Казино қызметінен түскен күнделікті кіріс 150-200 мың теңгені құраған. Жалпы қылмыстық кіріс 306 млн теңгеден асқан.
Заңсыз алынған ақшаға күдіктілер жалпы құны 66 млн теңге болатын екі автокөлік - Toyota Land Cruiser және Lexus EC 250 сатып алғаны хабарланады. Ықтимал тәркілеуден жасыру үшін оларды басқа адамдардың атына ресімдеген.
Сот санкциясымен көлік құралдарына тыйым салынды. Болжамды ұйымдастырушылар қамауға алынды.
Фонд-бюро расследования коррупции