Ағымдағы жылдың ақпан айында «Атырау-Кутаиси» халықаралық әуе рейсіне тіркелу кезінде Грузия азаматынан 100 мың АҚШ доллары қолма-қол ақша анықталды.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдіктің қол жүгінен 10 мың АҚШ доллары табылған, қалған ақша оның багажында болған.
«Жасырылған ақшалай қаражат бұзушының багажынан «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлерімен анықталды <...>. Бақылау іс-шаралары Атырау облысы бойынша шекара қызметі және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот 90 мың АҚШ долларын мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдаған, қалған 10 мың АҚШ доллары Грузия азаматына қайтарылған. Сондай-ақ одан 40 АЕК (147 680 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілген.
Сонымен қатар ведомство ҚР Президентінің «ҚР қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынатынын атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции