Skip to main content

700-ден астам БҚО тұрғыны тиісті дәрі-дәрмексіз қалды

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 700-ден астам тұрғын тиесілі дәрі-дәрмектерінсіз қалды. 

КТК деректері бойынша, облыс прокурорлары жергілікті аурухананың жұмысын тексеріп, аудан тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тиесілі дәрі-дәрмектердің берілмейтінін анықтады. 

Ведомство себебін көрсетпеді, алайда аурухананы қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға міндеттегендерін түсіндірді. 

«Әртүрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациентке тегін дәрі-дәрмектер берілмеген. Прокуратура шаралары бойынша препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды қосымша сатып алуға өтінім жіберілді», - деп хабарлады БҚО прокурорының көмекшісі Ернат Махсотов.

Еске салайық, қаңтар айында АЗРК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК қызметінен елеулі кемшіліктерді анықтады. Хабарлануынша, кәсіпорын көршілес елдердегі препараттардың бағасын «үстіртін» салыстырып, тек өтініш берушілер ұсынған деректермен ғана шектеледі.

Сонымен қатар, ведомство дәрі-дәрмектерді жеткізу рәсімінің ашық болмауы және «СК-Фармация» ЖШС-нің препараттарды өндірушілерден тікелей сатып алуға бағытталғандығының төмен деңгейі бюджет қаражатының едәуір жұмсалуына алып келетінін атап өтті.