Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Қызылорда облысы бойынша департаменті үш облыстық ауруханада өнімсіз делдалдарды алып тастады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық мекемелер бюджет қаражатына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қымбат бағамен сатып алған.
Көтерме сатушылар мен өндірушілермен келісімшарттар жасалғаннан кейін 11 тауардың құны төмендегені хабарланды. Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қант бағасы қысқарды. Бюджет қаражатын үнемдеу 6 млн теңгеден асты.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО бойынша «Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі Әділ Пшенов хабарлағандай, Глубокое ауданында 10 жыл бұрын салынған аудандық аурухана ғимаратының іргетасы шөге бастап, қабырғаларынан жарықтар кеткен. Оның айтуынша, аурухананың ас блогы мүлдем авариялық деп танылып, шамамен бір жыл бұрын жабылған.
Фонд-бюро расследования коррупции