Skip to main content

Қызылорда ауруханасының бас бухгалтері 129 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді аяқтады. Олар ерекше ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыруға күдікті.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, аурухананың бас бухгалтері медициналық кереуеттердің сатып алу құнын жасанды көтеру арқылы ақша қаражатын жымқырған. Жоғары бағаны негіздеу үшін ол жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын пайдаланған. 

Нәтижесінде аурухана жергілікті кәсіпкермен жалпы құны 259 млн теңге болатын 220 медициналық кереует сатып алуға келісімшарт жасасқан. Бір кереуеттің бағасы 1,2 млн теңгені құраған. 

Сонымен қатар, бір кереуеттің нақты сатып алу құны 460 мың теңгеден аспайтыны анықталды — бұл мәлімделген бағадан үш есе төмен. Осылайша, негізсіз өсірілген шығындар сомасы 129 млн теңгені құраған.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге құнындағы мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас бухгалтер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жетісу облысындағы Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері мекеме әкімшілігі тарапынан жүйелі бұзушылықтар туралы мәлімдеді. Ұжым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бейнеүндеу жазып, онда аурухананың бас бухгалтері, экономисті және басшылығына қатысты тексеру жүргізуді талап етті.