Мәжілісте Мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия жалпы сомасы 40 млрд теңгеден асатын активтерді ерікті түрде қайтаруды мақұлдады.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, осы соманың 38 млрд-тан астамы ақша қаражатын құрайды. Қалған 2 млрд теңге - Астанадағы бизнес-орталықтың құны. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқынының салдарын жоюға жұмсалады.
Сонымен қатар 7 млрд теңгеге инвестициялық келісімдерге қол қойылғаны белгілі болды. Келісімдер аясында «Мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы» Заңның әрекетіне іліккен тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылымдық нысан салуға міндеттенеді. Бұл жобалар, басқалармен қатар, жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерінің қосымша ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-президент Назарбаевтың жиені – Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалды мен оған байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден асатын мүліктік активтері мен ақша қаражатын мемлекетке қайтаруды қамтамасыз еткені хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции