Skip to main content

Қайтарылған активтерден 2,2 млрд теңгеден астам қаражат Қызылорда облысының ауылдарын сумен жабдықтауға бөлінді

Submitted by Вера Александрова on

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнайы мемлекеттік қордан қайтарылған активтердің 2,2 млрд теңгесі Қызылорда облысының ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қаражат Арал және Қазалы аудандарында алты жаңа сумен жабдықтау нысанын салуға жұмсалады, онда шамамен 2 мың адам тұрады.

Жобалар Тәстүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын қамтиды. Жұмыстар елді мекендерді топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосуды, сондай-ақ ауішілік желілерді салуды көздейді.

Құрылысты аяқтап, нысандарды пайдалануға беруді ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлап отыр.

Үкіметтің дерегінше, ел халқын қолжетімді және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының жергілікті билік алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша Арнайы мемлекеттік қордан Абай облысындағы денсаулық сақтау саласындағы жобаларға 5,6 млрд теңге бөлінген еді.