Көлік министрлігі 2024 жылы республикалық бюджеттен LRT құрылысына 28,4 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
zakon.kz мәліметінше, 2023 жылы LRT құрылысын жалғастыруға 52,4 млрд теңге бөлінген. Келесі жұмыстар жүргізілді:
- қадалы тіректер бойынша жұмыстар 96%-ға аяқталды;
- тіректердің өзін тұрғызу жұмыстары 76%-ға аяқталды;
- конструкцияларды құрастыру 82%-ға аяқталды.
Сонымен қатар көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылы жоба құрылысын жалғастыруға шамамен 45 млрд теңге бөлу қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Алайда бүгінде басқа сома айтылуда.
«Ағымдағы жылға 28,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа рельстер, жылжымалы құрам, электрмен жабдықтау жабдықтары, станциялық сумен жабдықтау жабдықтары, дренаж, өрт қауіпсіздігі, желдету және кондиционерлеу жабдықтарын дайындау жұмыстары жоспарлануда» – деп хабарлады көлік министрлігі.
Айта кетейік, елордалық LRT құрылысының тарихы көптеген жанжалдар мен қайшылықты мәлімдемелермен бірге жүрді. Еске салайық, Астанада LRT-дің алғашқы тіректерін тұрғызу 2017 жылы басталған болатын.
24.kz мәліметінше, 2019 жылы жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының тек 15%-ы орындалған. Жалпы, қытайлық компаниялар консорциумы $313 млн көлемінде қызмет көрсеткен, оның тек $86 млн-ы төленген. Осылайша, мердігерлер алдындағы қарыз $203 млн құраған.
2021 жылы «Астана LRT» жобасын іске асыру барысында ұрлық ісі бойынша жеті айыпталушы сотталды. Елорданың бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков және «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеу жарияланды.
2022 жылғы қыркүйекте Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов қытайлық серіктестер үздіксіз қаржыландыру жағдайында Astana LRT-ді екі жылда аяқтауға дайын екенін мәлімдеді. Сонда бүкіл жобаға $577 млн қажет екені айтылды. Ол LRT-ге техникалық қызмет көрсетуге жыл сайын 4 млрд теңге қажет болатынын хабарлады.
2023 жылғы сәуірде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс жұмыстарының қайта басталғанын хабарлады. Оған тіпті 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен бірге бүкіл жобаны аяқтауға 200 млрд-тан кем емес қаражат қажет болатынына сендірді.
Ал 2023 жылғы қарашада көлік министрі Марат Қарабаев LRT жобасына жыл сайын 150 млрд теңгеден сұрату жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ осы «ұзақ ойналатын» жобаны Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыру ықтималдығын растады.
Фонд-бюро расследования коррупции