Астана қалалық ортасын бақылау және сапасын басқару басқармасы құрылыс саласында 426 бұзушылықты анықтап, оларды жоюға 192 нұсқама берді.
Сонымен қатар «Қазинформ» ХАА хабарлағандай, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бес компанияны құрылыс лицензиясынан айырды.
Сапасыз жұмыстар мен жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін лицензиялардан айырылды:
- «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС;
- «Granite» ЖШС;
- «Ғимараттар мен құрылыстар салу» ЖШС;
- «Sheberbuild» ЖШС;
- «Астана-Көктем С» ЖШС.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Астана қалалық ортасын бақылау және сапасын басқару басқармасы құрылыс саласында 288 бұзушылықты анықтап, бұзушылықтарды жоюға 247 нұсқама берді. Әртүрлі бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот 8 компанияны құрылыс лицензиясынан айырды.
Фонд-бюро расследования коррупции