Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Түркияда «Астана LRT» ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданның ұсталғанын хабарлады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасы Түркияның әділет министрлігіне халықаралық іздеу жарияланған Талғат Арданды беру туралы сұрау жіберген.
«Осыған байланысты Түрік Республикасының құзыретті органдары тиісті іздестіру іс-шараларын жүргізді. Ағымдағы жылы ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтады, одан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстау рәсімін жүргізді», - делінген хабарламада.
9 мамырда Анталья соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады, қазіргі уақытта ол қамауда ұсталуда. Қазақстандық органдар ұсталған адамды отанына қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.
Еске салайық, 2021 жылы «Астана LRT» жобасын іске асыру барысында ұрлық жасады деген айыппен жеті айыпталушы сотталды. Астананың бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков және «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеу жарияланды.
Фонд-бюро расследования коррупции