Ақтөбеде қала тұрғындары пәтер сатып алу кезінде 2,5 млрд теңгеден айырылды. Олар ұждансыз құрылыс салушылардың құрбаны болды.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті бойынша ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және ҚК 279-бабы 1-бөлігі (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы бөтен мүлікті ұрлау, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
«2019 жылдан 2023 жылға дейін «Safina» ТК басшысы К. және серіктестіктердің бірінің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші шағын ауданы мен «Алтын Орда» тұрғын алабында орналасқан салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерден пәтер беремін деген сылтаумен алдау жолымен үлескерлердің ақша қаражатын 2,5 млрд теңге сомасында иеленіп алған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство Ақтөбе прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық істі №2 қалалық сотқа жолдағанын айтты.
Фонд-бюро расследования коррупции