Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Түркістан облысындағы «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ халықты жұмыспен қамту саласына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, келтірілген залалдың жалпы сомасы 130 млн теңгеден асқан. Мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.
«Тергеу барысында «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-нің лауазымды тұлғалары жұмыс берушілер болып табылатын бірқатар ЖШС басшыларымен бірлесіп, осы кәсіпорындарда жалған еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға жалақы ретінде бағытталған бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-нің директоры сотталып, 200 мың теңге ұрлағаны үшін 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ басшысы Әсет Шағдатты ұстады. Хабарланғандай, Шағдат пен оның орынбасары Дария Ордабаева бизнесті дамытуға арналған өтеусіз гранттарды беру үшін «қайтарым сыйақы» алды деген күдікке ілінген.
Фонд-бюро расследования коррупции