Skip to main content

Түркістан облысында білім бөлімі қызметкерлері 29 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысында Сауран ауданы білім бөлімінің басшылары Батырбекова А. және Шегенбаев Т., сондай-ақ бухгалтерлер Жанәлі Б. және Парменов А. қатысты үкім шығарылды.

Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, олар 29 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Айыпталушылар білім саласында іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде ақша аударған.

Сот Батырбекова мен Шегенбаевты 7 жыл бас бостандығынан айыруға, Жанәлі мен Парменовты сол мерзімге бас бостандығын шектеуге соттады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Түркістан облысының прокурорлары облыстың білім саласындағы 123 қызметкеріне қатысты 7 сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілерден өндіріп алынған 1,5 млрд теңге мемлекет кірісіне аударылып, қылмыстық жолмен алынған мүлік 2,9 млрд теңгеге тәркіленді.