Жылыой аудандық соты Атырау облысы «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Жәлекенова Г. және бухгалтер Шмидова А. қатысты үкім шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бюджет қаражатын 73 млн теңгеден астам сомаға жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу анықтағандай, күдіктілер мекемеде нақты жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы аударған.
Сот Шмидованы 7 жыл бас бостандығынан айыруға, Жәлекенованы залалды толық өтеу және кәмелетке толмаған баласының болуын ескере отырып, бас бостандығын 3 жыл 6 ай мерзімге шектеуге соттады.
Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, сәуір айында белгілі болғандай, «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Арт-Class» ЖШС және «Аюм и Д» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен ноутбуктер мен ұялы телефондар жеткізуге шарт жасасқан. Сатып алу сомасы 476 млн теңгеден астамды құрады.
Алайда жеткізуші мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін электрондық техниканың арзан аналогтарын сатып алған. Осылайша ол 133 млн теңгеге жуық залал келтірген.
Желтоқсан айының ортасында Түркістан облысында 84,3 млн теңге жымқырғаны үшін сотталған Мақтаарал ауданының мүгедек балаларды оңалту орталығының директоры Нұржан Сүлейменов және бас бухгалтер Мадина Наурызбаева.
Фонд-бюро расследования коррупции