Skip to main content

Петропавлда жол өткелін салу кезінде 2 млрд теңгені ұрлау фактісі тергелуде

Submitted by fbrk_news on
Хищение 2 млрд тенге при строительстве путепровода расследуют в Петропавловске

В Петропавлда автожол өткелінің құрылысына байланысты іс тергелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, мемлекетке келтірілген залал 2 млрд теңгеден асуы мүмкін.

НЕ БОЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Департаменті Петропавлдағы автожол өткелінің құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

2023 жылғы тамызда «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «БҰҚА» ЖШС-мен шарт жасасты. Келісімшарттың жалпы сомасы 5,4 млрд теңгені құрады.

ТЕРГЕУ НЕНІ АНЫҚТАДЫ

ҚМА хабарлағандай, шартты орындау барысында мердігер ұйым бекітілген жұмыс кестесінен жүйелі түрде қалып отырған.

Тергеу нұсқасы бойынша, мердігер ұйымның директоры тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларымен сөз байласып, нақты орындалған жұмыс көлемдері туралы дұрыс емес мәліметтері бар актілерді ресімдеу мен қол қоюды ұйымдастырған. Тергеу органдарының пайымдауынша, осы құжаттар негізінде мердігерге негізсіз бюджет қаражаты аударылуы мүмкін.

ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Сот санкциясымен 24 бірлік көлік құралы мен арнайы техникаға тыйым салынды. Тергеу деректері бойынша, олардың құны 270 млн теңгеден асады. Күдіктіге қатысты ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен жария етілмейді.

Источник
пресс-служба Агентства по финансовому мониторингу