Астана қаласы бойынша ҚМА Департаменті Сот сараптамалары орталығы лауазымды тұлғаларына және жергілікті кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Олар 2 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыруға күдікті.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес шеңберінде 2023 – 2025 жылдарға республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген.
Белгілі болғандай, Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері жеткізушілермен сөз байласып, жалған коммерциялық ұсыныстар бере отырып, жабдық құнын үш есеге көтерген.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялауға дейін техникалық сипаттамада тек үлестес компаниялар ғана жеткізе алатын жабдықтар көрсетілген.
Тәркілеу мақсатында құқық қорғау органдары күдіктілердің жалпы құны 148 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салды: Алматыдағы 2 жер телімі, Астанадағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктері.
Сондай-ақ ЖШС-нің банктік шоттарындағы 1,6 млрд теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы ақша қаражатына тыйым салынды.
Сот Сот сараптамалары орталығының директорына, мемлекеттік сатып алулар департаментінің басшысына және ЖШС басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Фонд-бюро расследования коррупции