Астаналық қаржылық мониторинг агенттігі департаменті «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу нұсқасы бойынша, комиссиялық сауда атауымен клиенттерге міндетті лицензиясыз қарыздар берілген. Осындай қызметтен түскен табыс 102 млн теңгеден асқан.
ЛОМБАРДТАР ЖЕЛІСІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) деректері бойынша, 2021 жылдан бастап мүлік кепіліне қарыздар «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» ЖК және «Pro Kz» ЖК арқылы берілген.
Нақты микроқаржылық қызметті жасыру үшін клиенттермен кепіл билеттері ресімделген, олар комиссиялық мәмілелер көрінісін жасаған. Ақша қолма-қол берілген, ал пайыздар, қарызды ұзарту төлемдері мен айыппұлдар көрсетілген компаниялар мен кәсіпкерлердің шоттарына түскен.
ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАР ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРТТАР ҚОЛДАНЫЛДЫ
Клиенттерге 30 күн мерзімге, күніне 0,25%-ға дейінгі сыйақымен қарыздар берілген.
Берешекті уақтылы өтемеген жағдайда қосымша айыппұлдар есептелген. Егер қарыз алушы оларды төлемесе, кепілге қойылған мүлік сатылған.
ҚАНДАЙ МҮЛІК ТҰТҚЫНДАЛДЫ
Тергеу бағалауы бойынша, заңсыз микроқаржылық қызметтен түскен табыс 102 млн теңгеден асқан.
Мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін соттың санкциясымен екі пәтерге, үш автокөлікке және екі кеңсе ғимаратына тұтқын салынды.
ІС ҚАНДАЙ САТЫДА
Тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Тарантардың кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдауы тиіс.
ҚМА тергеудің басқа да мән-жайларын ҚР ҚІЖК 201-бабына («Сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді») сілтеме жасай отырып, жария етпейді.
Фонд-бюро расследования коррупции