Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Қазақстан тарапындағы «Хоргос» халықаралық орталығында 6 жасырын құмар ойын мекемесін және жезөкшелікпен айналысатын сауықтыру орнын жойды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, операция облыстық прокуратура, ҰҚКД, облыстық полиция және шекара қызметімен бірлесіп жүргізілді. Заңсыз мекемелердің ұйымдастырушылары ҚХР азаматтары болып шықты.
Белгілі болғандай, құмар ойын үйлері тек түнгі уақытта шектеулі адамдар тобына, атап айтқанда, тек ҚХР азаматтарына ғана қызмет көрсеткен.
4 ғимаратта тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары 76 ойын автоматын, 43 ойын үстелін, құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті техникалық жабдықты, сондай-ақ ақша қаражаты – 60 мың юань тапты.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат таратылуға жатпайды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін хабарланғандай, «Хоргос» халықаралық орталығы аумағында сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің атын жамылып жұмыс істеген сауықтыру орындары мен жасырын казинолардың қызметі тоқтатылды. Полицейлер 5 фигурантты, оның ішінде 2 шетелдікті ұстады.
Фонд-бюро расследования коррупции